Газада қаза тапқандар саны 583-ке көтерілді

Израиль армиясының құрлықтан, теңізден және әуеден шабуылы жалғасуда.

66519
Газада қаза тапқандар саны 583-ке көтерілді

Газада Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдемешісі Ешреф әл Кудра Анадолы агенттігі тілшісіне мәлімет берді. Ол Израиль армиясының Газаның орта жағындағы Ән Нусайрат босқын лагері, Дейр әл Белах және Хан Юнус кенттеріне жүргізген шабуылдарында 4 палестиналық азаматтың қаза болғанын айтты.


Кудра Газа қаласының батысындағы Еш Шати босқын лагеріне ұйымдастырылған шабуылда болса 60 адамның жараланғанын тілге тиек етіп, «Шабуыл басталған күннен бері қаза тапқан палестиналықтардың саны 583-ке жетті. 3 мың 554 адам жараланды» деді.


Осы арада Израиль жасақтары Шужаие, Әз Зейтун және Әт Туффах секілді Газаның шығысындағы өңірлерді бомбалай бастады. Солтүстіктегі Бейт Ханун ауруханасының қасына 5 зымыран келіп құлады.
Сонымен қатар Израиль армиясының Газа қаласының солтүстігі мен батысындағы кейбір аудандарға «жаман иісі шығатын» бір газбен шабуылдағаны білдірілді.


7 шілде күні Газаны бомбалай бастаған Израиль армиясы 17 шілде күні де құрлықтан шабуылды бастатқан еді. Израильдің құрлықтан, теңізден және әуеден жүргізілген шабуылдарында өлі және жаралы саны күн сайын артуда.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар