Венесуелла президенті Израильді айыптады

Николас Мадуро Израиль шабуылдарын геноцид деп сипаттады

65462
Венесуелла президенті Израильді айыптады

Николас Мадуро Израильдің Газада жазықсыз адамдарды, бала-шаға мен әйелдерді өлтіріп жатқанын, саясатының геноцид дәрежесіне жеткенін білдірді.
Венесуелла президенті Николас Мадуро халықаралық қауымның Палестиналықтар мен Израильді бір дәрежеге қойып отырғанын сынға алды. «Бір тарапта қырғынға ұшырап жатқан, басқыншылық жүріп жатқан Палестина, екінші жақта әскери күші басым, халықаралық заңға мойынсұнбайтын, басқыншы Израиль бар» деді.
«Екі армия арасында тең бір соғыс жүріп жатқан жоқ» деген Мадуро Палестиналықтардың армиясы жоқ екенін, ал Израиль армиясының ең жетілген қарулармен қаруланғанына назар аударды.
«Израиль зымырандары қай жерді бомбалағысы келсе сол жерге бомба жаудырып жатыр» деген Мадуро зымырандардың қарапайым халықты өлтіріп жатқанын еске сала отырып, «бұл бір геноцид»- деді.
Венесуелла Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқығы комитетінің де Израильді айыптап, төтенше жиналыс жасауға шақырды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар