Әлем Израильді айыптауда
Еуропадағы көптеген елде Израильге қарсы ереуілдер ұйымдастырылды.
Әлемнің Израильдің шабуылдарына наразылығы арта түсті.
Австрияның астанасы Венадағы ереуілдерге мөлшермен 50 мың адам қатысты.
10 километрлік ереуіл шеруіне Вена Ислам Федерациясының төрағасы Мұхаммед Тұрхан және түріктер де қатысты.
Голландияның астанасы Амстердамда мыңдаған адам Израиль шабуылдарының тоқтауын сұрады.
Данияның астанасы Копенгаген қаласында ұйымдастырылған ереуілде Дания үкіметінің Израиль шабуылдарына наразылық көрсетпеуі айыпталды.
Германияда Манхеймді қамтыған көптеген қалада ереуіл өткізіліп Израиль айыпталды.
Ұқсас жаңалықтар
Ауғанстанда туристерге жасалған шабуылды ДАИШ мойнындады
Бамиян провинциясындағы туристік аймақтарға барған бір топ туристерге қарумен шабуыл жасалды.
Ирландия Палестина мемлекетін мойындайтын болды
Саймон Харрис Палестина мемлекетін айдың соңына дейін мойындауға ниетті екендерін айтты.