Қытай Газа шабуылына алаңдағанын жариялады

Қытай елбасы Ши Жинпиң Венесуэлада тараптарды келіссөзге шақырды.

66151
Қытай Газа шабуылына алаңдағанын жариялады

 

Қытай Газаға ұйымдастырылған шабуылдарға алаңдап отырғанын жариялады.
Қытай елбасы Ши Жинпиң Израильдің Газаға бағыттаған шабуылдарына байланысты «қатты алаңдап отырғандарын» айтты.
Латын Америкасы сапарында жүрген Ши Жинпиң Венесуэла елбасы Николас Мадуромен кездесуінде Израильдің Газаға бағыттаған шабуылдарына байланысты бағаландыру жасады.
Ши Жинпиң көптеген бейуаз адамның өліміне себеп болған Газаға шабуылдардан «қатты алаңдап» отырғандарын және қайғырғандарын білдіріп, Қытайдың тараптарды дереу атысты тоқтатуға шақырғанын ескертті.
Ши Жинпиң бейбітшілік үшін жалғыз жолдың келіссөздер екеніне назар аударып, тараптардың келіспеушіліктерді жөнге салатын бір жол тауып, дереу келіссөзді бастауы керектігін атап өтті.
Қытай Израиль Газаға қарсы шабуыл бастағаннан кейін тараптарды «байсалды» болға шақырғанын айтқан Ши Жинпиң дағдарыстың асқынуына және жан шығынының артуына «қатты қайғырғанын» жариялағанын білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар