Израиль әрі әуеден, әрі құрлықтан шабуылдап жатыр

Жедел жәрдем көліктері жаралыларға жете алмай жатыр.

65925
Израиль әрі әуеден, әрі құрлықтан шабуылдап жатыр

Израиль Газаға екі аптадан бері шабуылдап отыр.


Бейсенбі күні түнде басталған құрлық операциясы қырғынды арттыра түсті.


502 азамат қаза тауып, жаралы саны 3 мың 200-ге жетті.


Израиль танктары Шужаие кентіне кіргеннен кейін шығын артты. Тек сол кентте 70-тен астам адам қаза болды. Израильдің соғыс ұшақтары да бомба жаудырып жатыр. Хан Юнус қаласындағы әуе шабуылында құлаған үйдің қалдығынан төртеуі бала бес адамның мәйіті шығарылды.


Рефах қаласының шығысын болса зеңбіректер атқылап жатыр.


Медициналық топтар мүрделердің барлығын жинап алуға жетіспей жатыр. Жаралы азаматтарға көмек дер кезінде жетпей, өлі саны да артып отыр. Бомбалау жалғасып жатқандықтан жедел жәрдем көліктері құрбандарға уақытында жете алмайды.


Сонымен қатар Хамастың қарулы қанаты Изеддин әл Кассам бригадасы кеше Израильдің бір әскерін тұтқынға алғанын хабарлады. Израиль болса бұл хабарды жоққа шығарды. Хамас Израильдің 18 әскерін өлтіргенін білдірді.


Израиль армиясы да бесеуі ауыр, 55 әскерінің жараланғанын мәлімдеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар