Голландия айыпты деп табылды

Гаага аймақтық соты 300 мұсылманның өлтірілуінен Голландия мемлекетінің жауапты екеніне үкім шығарды.

131770
Голландия айыпты деп табылды

Гаага аймақтық соты 1995 жылғы Сребреница қырғынында 300 мұсылманның өлтірілуінен Голландия мемлекетінің жауапты екеніне үкім шығарды.


Босния-Герцоговинаның Сребреница қаласында 1995 жылғы шілде айында болған қырғында өлтірілген 8 мың босниялық ер адамның жақындары әділет іздеуде.


Құрбандардың жақын –тумаластары Голландияға қарсы 2007 жылы сот ашқан болатын. Біріккен Ұлттар Ұйымы құрамында міндет атқарған голландиялық жасақты паналаған 300 босниялық азамат серб әскерлерінің қолына берілген болатын.


Соттың үкімінде «Голландия әскерлері сербтерге тапсырылған 300 адамның өлтірілетінін білуі керек еді» деп айтылды.


Сонымен бірге сот аймақтың барлығының сербтердің қолына өтуінде де Голландия әскерлерінің жауапты еместігіне үкім берді. Үкімге қарағанда, әскерлерге қажетті қосымша күш келіп жетпегендіктен, аймақты қорғау мүмкін емес еді.


Осы үкімге «Сребреница аналары» қоғамы наразылық білдірді.


Қоғамның төрайымы Мунира Субашич «Үкім бізді қанағаттандырмады. Сондықтан күресті жалғастырамыз. Голландия 300 құрбанның емес, 8 мың құрбанның жауапкершілігін алуы керек» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар