Нетаньяху Израильге қолдау бергені үшін Обамаға алғысын айтты

Газадағы жаралы саны мың 300-ге жетті

129010
Нетаньяху Израильге қолдау бергені үшін Обамаға алғысын айтты

Израильдің құрлық операциясына бастауымен артқан шабуылдарда мың 300-ге жуық адам жарақат алды.
БҰҰ Газада қазірге дейін қаза тапқандар арасында 77 жазықсыз адам бар екенін жариялады. Бұлардың 36-сының бала екені де келген хабарлар арасында. Әуе шабуылдарының жалғасатынын атап айтқан Газаның солтүстігіне Израиль армиясы жасаған «Аймақтан кетіңдер!» ескертуінің артынан мыңдаған газалықтың үйлерін тастап кеткені білдірілді.
Ұлыбритания мен Франция "атысты тоқтату" шақыруы тастады.
Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху болса АҚШ әкімшілігіне берген қолдауы үшін алғысын білдірді.
Нетаньяху «Әскери күшімізді АҚШ-тың жәрдемдері арқылы дамыттық. Президент Обама мен АҚШ халқына берген қолдаулары үшін алғысымды айтамыз. Табысымызды олардың материалды қолдауына борыштымыз. Хамас пен Ислами Жиһадқа қарсы шабуылдарымыз жалғасады» деді.
Газа порты, бір полиция ғимараты, үкіметке тиесілі бір ақпарат орталығы және бір мешіт соңғы шабуылдарда нысанаға алынған орындар болды.
Жермен-жексен болған қалада қаза тапқандар саны сағат сайын артуда.
Түн ішінде Палестина Полиция бас директоры Тайсер эл-Батштың үйін нысанаға алған шабуылда болса 17 палестиналық қаза тапты.
Хамас та кеше араларында Тель-Авив бар көптеген Израиль қаласына зымыран лақтырды, зымырандар Израиль қорғаныс жүйесі «Темір мұнара» тарапынан аспанда жойылды.
Газаның 2007 жылы Хамастың бақылауына өтуінің артынан Израильдің аймаққа жасаған 3-ші үлкен шабуылдың қашан аяқталатыны әлі белгісіз.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар