Израиль Газаны тағы бомбалады

28 палестиналық азамат қаза тапты, жүздеген адам жараланды.

123377
Израиль Газаны тағы бомбалады

28 палестиналық азамат қаза тапты, жүздеген адам жараланды.


Израиль ұшақтары тағы бір сәресі уақытында Газаға бомба жаудырды. Армия Хамастың қару қоймаларын және ракета атқылаған базаларды бомбалағанын мәлімдеді. Алайда таңертең атылғандардың қарапайым азаматтар екені түсінікті болды.


Газаны сыртқы әлеммен байланыстырып тұрған жер асты туннельдері де зақымдалды. Құрлықтан және теңізден Израиль қоршауында өмір сүрген газалықтар туннельдер арқылы азық-түлік және дәрі сынды материалдарды алып отыр еді.


Батыс Шерияда Газадағы бомбалауды протест еткен бір топ Израиль әскерлеріне тас лақтырды. Осы оқиғада да көптеген палестиналық қаза тапты.


Сонымен бірге Израиль армиясы қосымша мың 500 әскерді міндетке шақырды. Батыс Шериядағы құрлық жасақтарын да Газа шекарасына жылжыта бастады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар