Б.Африкада эбола вирусынан қаза тапқандар саны артуда

Сиерра-Леоне, Либерия және Гвинея Республикасында эбола вирусынан 518 адам қаза тапты

122880
Б.Африкада эбола вирусынан қаза тапқандар саны артуда

Батыс Африка құрлығына қауіп төндірген эбола вирусы жылдам тарауда.
Әлем денсаулық сақтау ұйымы соңғы 5 күннің ішінде тағы 50 адамға вирусты жұққанын, 25 адамның да қаза тапқанын жариялады.
Сиерра-Леоне, Либерия және Гвинеяда ауруды жұқтырғандар саны 844-ке, қаза тапқандар саны болса 518-ге жетті.
Дене қызуының артуы, құсу және іштен қансырауға себеп болған Эбола вирусы жұққан адамдардың 90 пайызын өлтіреді.
Аурудың қан немесе дене сұйықтықтары арқылы жұққаны болжалады.
Әлем денсаулық сақтау ұйымымен жұмыстанған Шекара танымайтын дәрігерлер ұйымы вирус қатты әсер еткен Гвинеяда жергілікті және шетелдік 300-ден астам денсаулық сақтау қызметкері мен 4 карантина орталығы құрды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар