Ирак үкіметінен аймақтық күрт әкімшілігіне ескерту

Ирак армиясы әуе шабуылдарын арттырды

116482
Ирак үкіметінен аймақтық күрт әкімшілігіне ескерту

Иракта Ирак-Левант ислам мемлекеті экстремисттік ұйымы мен Ирак армиясы арасындағы қақтығыстар жалғасуда.
Ирак Қорғаныс министрлігі бастаған операцияларда 86 ИЛИМ мүшесінің өлтірілгені жарияланды.
Ирак премьер-министрі Нури әл-Малики болса экстремистік ұйым қаупі себепті Ирак армиясы шегінген Керкүк сияқты қалаларды басып алған күрт аймақтық әкімшілігіне ескерту жасады.
Иракта қақтығыстар Тикрит төңірегінде шоғырланды.
Орталық үкіметке қарасты жойғыш ұшақтар экстремистік ұйымның нысаналарын бомбалауда.
Дегенмен бомбаланған жерлер арасында аурухана, дүкен және жазықсыз адамдар өмір сүрген баспаналардың да бар екені білдірілді.
Иран жойғыш ұшақтарының да Бағдат әкімшілігіне қолдау бергені алға тартылады.
Қолға түсірілген аймақтарда халифалық жариялаған Ирак-Левант Ислам мемлекеті болса ел болу жолында тағы бір қадам басып, паспорт шығарды.
Экстремистік ұйым басшысы Эл-Бағдади болса дәрігер, сот төрешісі және инженерлерден бастап барлық әлемдегі мұсылмандарды елге қызмет ету үшін «һижраға» шақырды.
Ирак-Левант Ислам мемлекеті ұйымының жылжуы барлық көрші мемлекеттерді мазасыздандырды.
Сауд Арабиясы ішкі қақтығыстар жалғасқан Ирак шекарасына 30 мың әскер жіберді.
Рияд әкімшілігінің Ирак армиясының шекарадан шегінуінің артынан бұл шешімді қабылдағанын білдірді.
Басқа жағынан елдегі соңғы жаңалықтарды бағаландырған Ирак премьер-министрі Нури эл-Малики Ирак армиясы кері шегінген Керкүк және төңірегінен шегінбейтінін жариялаған Күрт әкімшілігіне ескерту жасады.
Малики «Күрт әкімшілігінің елдегі дағдарысты пайдаланып өздеріне тиімді жарлықтар жариялауға құқы жоқ» деді.
Күрт аймақтық әкімшілігінің басшысы Месут Барзани «бірнеше айдың ішінде» тәуелсіздік үшін референдум жариялайтындарын айтқан болатын.
Малики Бағдат үкіметіне қарсы қақтығысқан руларға ИЛИМ ұйымына қарсы бір қозғалуға шақырып, мемлекеттік кешірім жариялауды ұсынды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар