Еуроодақтың кезекті төрағасы – Италия

Италия премьер-министрі Еуропа парламентінде сөз сөйледі

115740
Еуроодақтың кезекті төрағасы – Италия

Италия премьер-министрі Маттео Ренци Еуропаның энергетика мен экономикада өсуі керектігін айтты.
Ренци Италияның Еуроодақ кезекті төрағалығын қабылдауына орай Страсбургта өткен Еуропа парламентінде сөз сөйледі.
Италия премьер-министрі Ренци өз сөзінде 2008-жылы болған экономикалық дағдарыстың ауыр зардаптары болғанын, сондықтан Еуропаның жаңадан бұрынғы қалпына қауышуының қиын екенін білдірді.
Ренци әлемнің қалған бөлігінің Еуропадан екі есе жылдам жұмыс істеп жатқанын айта келіп, «Егер Еуропа өз фотосуретін түсіретін болса шаршаған және іш пыстыратын бейнесін көрген болар еді» деді.
Италияның Еуропадан бір нәрсе талап ету ниеті жоқ екенін ескерте келіп, керісінше өздерінің Одақтың бюджетіне үлес қосқанын білдірген Ренци реформа жасауға шақырды.
Ренци «Өсу қарқыны жылдамдамаса Еуропаның келешегі де болмайды» -деді.
Еуроодақ мәселесіне немқұрайды қарап отырған Ұлыбританияға да тоқталып кеткен Ренци «Ұлыбритания болмаса Еуропа кедей болып қана қоймайды, жеткіліксіз Еуропа болар еді» дей келіп, Еуропаның экономикалық қана емес, гуманитарлық жауапкершіліктері де бар екенін айтты.
Еуропаның әсіресе бюджет тәртібіне көңіл бөлу керектігін айтып отырған Германияның Ренциге күдікпен қарап отырғаны туралы сөз бар.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар