Порошенко 'атысты шартты тоқтату' жайлы мәлімдеме жасады

Украина президенті 'атысты шартты тоқтату' тақырыбын Еуропа парламенті төрағасы Шульцқа түсіндірді

114595
Порошенко 'атысты шартты тоқтату' жайлы мәлімдеме жасады

Украина президенті Петр Порошенко Еуропа парламенті төрағасы Мартин Шульцпен телефонда әңгімелесті.
Әңгіме барысында Украинаның тарихындағы ең қиын кезеңнен өткенін атап көрсеткен Порошенко бір жақты атысты тоқтату жариялау кезеңін ұзарту шешімі жайлы Шульцқа мағлұмат берді. Порошенко әр екі тараптың да қару мен күш қолданбауы, Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) бақылауында шекаралардың бақылауының қайта қамтамасыз етілуі және барлық кепілдікке алынғандар еркін жіберілген жағдайда, атысты тоқтату режимін қайта іске қосуға дайын екенін атап көрсетті.
Шульц болса Украинаға қолдау беру, оның Еуропамен интеграциясы және тұрақтылығы үшін қолдан келгенді орындайтынын атап, Порошенконың Украинаға бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін халықаралық аренаға қоса қажетті мүмкіндіктерге ие екенін білдірді.
Еуропа парламентінің тек қана заң шығару органы емес, дипломатия үшін де бір алаң екенін атап көрсеткен Шульц Украинаның тұрақты демократиялық және Еуропа мемлекеті болу үшін қажетті көптеген саяси ынтымақтастықты қамтамасыз ету үшін барлық дипломатиялық мүмкіндіктерді ұсынуға дайын екенін атап көрсетті.
Порошенко сондай-ақ Мартин Шульцты Украинаға шақырды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар