2 айда 423 адам қаза тапты

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Украинаның шығысындағы ахуалды қарастыру мақсатымен кеше бас қосты.

106940
2 айда 423 адам қаза тапты

Біріккен Ұлттар Ұйымы Украинаның шығысында 15 сәуір мен 20 маусым арасындағы оқиғаларда 423 адамның өлтірілгенін жариялады.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Украинаның талабына орай елдің шығысындағы ахуалды қарастыру мақсатымен кеше бас қосты.
Жиналысқа видео конференция арқылы қатысқан БҰҰ Адам құқықтарына жауапты бас хатшы орынбасары Иван Симонович Украина тарапынан жарияланған атысты тоқтату келісімі және бейбітшілік жоспарының оң қадамдар екенін айтты. Симонович «Заңсыздық жайылып барады. Қарулы топтардың адам құқықтарын бұзушылық және басқа да қылмыстары артып отыр» деді.
Оның айтуынша үрей және әлеуметтік-экономикалық себептермен ел көлемінде мекендерін өзгерткен адам саны 46 мыңнан асты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар