Украинада орыс жақтаушылар 9 украин әскерін жаралады

Украинаның атысты тоқтату шешіміне орыс жақтаушылары шабуылмен қарсылық берді

102898
Украинада орыс жақтаушылар 9 украин әскерін жаралады

Украина әкімшілігінің бір жақты атысты тоқтату жариялауына Ресей жақтаушылары қарулы шабуылмен қарсылық берді.
Ресей жақтаушысы бөлшектеуші топтар Ресей шекарасындағы Новошахтинск аймағындағы қауіпсіздік бекетіне кеше ауыр қарулармен шабуылдады.
Жасалған үш бөлек шабуылда 9 украин әскерінің жараланғаны білдірілді.
Орыс лауазымдылар Донецк қаласында бөлшектеуші топтардың шабуылынан қашқан 80 украин әскерінің өзін қорғау үшін Ресейді паналағанын жариялады.
Украина президенті Петр Порошенко жариялаған бейбітшілік жобасы 27 маусым күніне дейін атысты тоқтатуды және көтерілісшілердің қаруларын тастауын талап етеді.
Жоспарда Ресей шекарасына 10 шақырым қашықтықта аралық аймақ құрылуы және орыс жақтаушыларына кешірім жасалуы да қамдалады.
Ресей жақтаушысы бөлшектеу топтар шындыққа жатпайтынын алға тартқандары жобаны қабылдамады.
Ресей президенті Владимир Путин болса атысты тоқтату жобасына қолдау берді.
Путин тараптарға екі жақты барлық әскери операцияларды тоқтату және келіссөз үстеліне отыруға шақырды.
Дегенмен Путин іске қосылмаған жобамен шынайы бір қадам басудың қиын екенін де атап көрсетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар