Дания мен Германия теңіздің астынан байланысады

Құрылысы келесі жылы басталатын жобаның 2021 жылы аяқталуы жоспарланып отыр.

100162
Дания мен Германия теңіздің астынан байланысады

Дания мен Германия теңіздің астынан байланысатын болады.
Құрылысы келесі жылы басталатын жобаның 2021 жылы аяқталуы жоспарланып отыр.
Дания мен Германия арасында салынатын Фемерн су асты туннелі жобасының жұмыстары басталды. Су асты теміржол туннелі арқылы Данияның Родби порты мен Германияның Путтгарден порты бір бірімен байланысатын болады.
Фемерн туннелі Скандинавия елдері мен Еуропа құрлығын да бірлестіреді. Осы жаңа жол арқылы екі ел порттары арасында паром немесе құрлық жолымен бір сағаттық сапар енді сегіз минутқа қысқарады. 

18 км-лік туннельде көліктер және пойыздар үшін бөлек жол болады.
Туннельдегі көлік жылдамдығы сағатына 110, пойыз жылдамдығы 200 км-ден аспайды.
Су асты теміржолы туннелі 5 жарым миллиард евроға түсетін болады. Құрылыс кезінде шамамен 30 мың адамға жұмыс беріледі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар