Террормен күресу үшін ортақ қор құрылады

АҚШ үкіметі конгреске жаңа қор құру туралы ұсыныс жасады

92313
Террормен күресу үшін ортақ қор құрылады

Соңғы күндері Иракта болған террорлық шабуылдарға байланысты АҚШ әрекетке кірісті.
Ақ Үй конгреспен бірлесе отырып террормен күресу мақсатымен жаңа ортақ қор құру үшін дайындыққа бастағанын мәлімдеді.
Жаңа қордың «Ирак-Левант Ислам мемлекеті» террорлық ұйымының артып бара жатқан шабуылдарын Ирак қауіпсіздік күштері тарапынан тойтарылуы үшін қолданылатыны білдірілді.
Мәлімдемеде Иракпен жасалған стратегиялық әріптестік келісім шарты аясында террорлық ұйымдардың шабуылдарына кедергі болу мақсатымен жәрдем көлемінің де көбейетіні жазылған.
Сондай-ақ Малики үкіметінің ИЛИМ экстремистеріне шабуыл жасау үшін Вашингтоннан адам басқаруынсыз ұшатын әуе аппараттары сұрағаны туралы қауесет бар.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар