Әлем кубогында алғашқы матч бүгін ойналады

Кубоктың басталғанына қарамастан ел көлеміндегі шерулер жалғасуда

92319
Әлем кубогында алғашқы матч бүгін ойналады

Әлем кубогына санаулы уақыт қалса да, Бразилияда наразылық шерулері жалғасуда.
Әлем кубогына көп ақша жұмсалғанына мазасызданған жұмысшылар еңбекақыларының көтерілуі талабымен жұмыс тастауда.
2014 Әлем кубогының бүгін алғашқы матчы ойналатын Сау-Паулуда метро жұмысшылары акцияны уақытша тоқтатуға шешім қабылдаған болатын.
Дегенмен Метро жұмысшыларының кәсіподақ төрағасы жұмыстан шығарылған 42 жұмысшының қайта жұмысқа орналастырылуы үшін кубоктың алдында шеру ұйымдастыратындарын жариялады.
Рио-Де-Жанейродағы екі әуежайының жұмысшылары да еңбекақыларының жақсартылуы талабымен шеру жариялады.
Халықаралық рейстер ұшқан екі әуежайының да check-in және багаж қызметкерлері жұмыс тастайды.
Акцияның әлемнің жан-жағынан келген туристтерді және әуе қатынасын мазасыздандыратыны болжалады.
Бүгін басталатын Әлем кубогында қонақжайлық жасаған Бразилия Хорватиямен көгалға шығады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар