Лаңкестік ұйым Тузхурматудағы екі түрікмен ауылын басып алды

Мосулда төтенше жағдай, Керкукте болса коммендаттық сағат жарияланды.

90246
Лаңкестік ұйым Тузхурматудағы екі түрікмен ауылын басып алды

Мосулда бақылауды қолына алған Ирак Дамаск Ислам мемлекеті атты ұйым жылжуда.
Лаңкестік ұйым Тузхурматудағы екі түрікмен ауылын басып алды.
25 мың түрікмен тұратын екі ауылды полиция мен армия жасақтары тастап кетті.
Қақтығыс Ирактың барлық қалаларына тарауда.
Керкуктен шайқас хабарлары келіп жатыр. Телаферде атмосфера жақсы емес. Сүлейманиеде болса қауіпсіздік күштері дайын тұр.
Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропа және Араб одағынан көмек сұраған Ирак премьер-министрі Нури әл Малики Мосулда төтенше жағдай, Керкукте болса көшеге шығуға тыйым жариялады.
Мосулда азаматтар қаладан қашып шығуда. Арасында 120 түрік жұмысшысы бар мыңдаған адам Духок және Ербилді паналады. Қақтығыстардың ортасында 28 түрік көлік жүргізушісі қалып қойған. Түркия олардың жағдайымен жіті айналысуда.
Сыртқы істер министрі Давутоғлу «Түрік азаматтарының тез арада құтқарылуы, қысқа уақытта отбасыларымен қауышуы үшін тырысып жатырмыз. Жағдайларының жақсы екені жөнінде хабар келіп жетті» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар