Суданда бөлшектеуші топтарға операция жасалды

Операцияда 4 әскер мен 110 ұйым мүшесі қаза тапты

88936
Суданда бөлшектеуші топтарға операция жасалды

Суданның Оңтүстік Кордофан уәлаятында бөлшектеуші топтарға бағытталған операцияда 4 әскердің қаза тапқаны, 110 ұйым мүшесінің әлсіз күйге келтірілгені атап көрсетілді.
Судан армия мәлімдемешісі подполковник Эс Саварими Халид Сад жасаған жазбаша мәлімдемеде Оңтүстік Кордофанның Атмур аймағында Халық қозғалысы ұйымы мүшелерінің жанкешті шабуыл жасауға тырысқаны білдірілді.
Бастаманың артынан жасақтардың көтерілісшілерге жасаған операциясында 110 адамның әлсіз күйге келтірілгенін атап көрсеткен Сад үш сағат жалғасқан қақтығыстарда 4 әскердің қаза тапқанын атап көрсетті. Армияның Оңтүстік Кордофандағы көтеріліс жойылғанша операцияларын жалғастыратыны білдірілді.
Халық қозғалысы биліктегі Ұлттық Конгресс партиясының 2011 жылы Оңтүстік Кордофандағы сайлауды жеңіп алған соң үкіметке қарсы қарулы күрес бастаған.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар