Пәкістанда Д-8 елдері жиыны басталды

Жиында аймақтық мәселелер талқылануда

89548
Пәкістанда Д-8 елдері жиыны басталды

Дамушы сегіз мемлекет мүше Д-8 елдерінің 35-ші комиссия жиындары Пәкістанның астанасы Исламабадта басталды.
Мүше елдер Түркия, Иран, Пәкістан, Бангладеш, Малайзия, Индонезия, Мысыр мен Нигерияның комиссия өкілдері Пәкістан сыртқы істер министрлігінде бас қосты. Жиынға Д-8 бас хатшысы Саид Али Мұхаммед Моусави да қатысты.


Пәкістан кезең төрағасы ретінде соңғы жиынын өткізіп отыр. Бұл жиынның Түркия үшін маңызы биылғы жылдың аяғында Түркияда өтетін 9-ші президенттер саммиті қарсаңындағы соңғы жиын болуы.


Кезең төрағалығы жыл соңындағы саммитте Түркияға өтетін болады. Саммитке әзірлік жұмыстары да осы жиында талқыланды. Сонымен қатар сыртқы істер министрі Ахмет Давутоғлуның шақыруымен өтетін Д-8 сыртқы істер министрлерінің арнайы отырысының күн тәртібінде қаралатын мәселелер белгіленді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар