АҚШ президенті Барак Обама Польшада

Обама Украина президентімен кездесті

83037
АҚШ президенті Барак Обама Польшада

АҚШ президенті Барак Обама Еуропа туры аясында Польшаға келді. Бұл жерде Украина президенті Петро Порошенкомен кездесті.
Обама Порошенкоға 5 миллион долларлық қосымша әскери жәрдем беруге уәде берді. Екі лидер Украина дағдарысын талқылады,
Кездесуден кейін ортақ баспасөз жиналысы өткізілді.
Обама халықаралық қауымдастықтар қолдау берген жағдайда Украинада күшті демократия орнайтынын айтты.
Обаманың еліне берген қолдауы үшін ризашылығын білдірген Порошенко да елді саяси дағдарыстан құтқарып, тұрақтылықты орнатудың басты мақсаттары екенін айтты.
Вашингтонның Украинаға елдің жағдайы ауырлап кеткен наурыз айынан бастап 23 миллион доллардан астам жәрдем бергені айтылуда.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар