Украинадағы қақтығыста 5 орыс жақтаушысы өлтірілді

Лугансктағы қақтығыс күнімен жалғасты

81497
Украинадағы қақтығыста 5 орыс жақтаушысы өлтірілді

Украинада Ресей жақтаушысы бөлшектеуші топтардың Луганск қаласындағы шекара жасақтарына шабуылымен басталған қақтығыста 5 орыс жақтаушысының қаза тапқаны білдірілді.
Күнімен жалғасқан қақтығыстың соңында Украина жасақтары шабуылға тойтарыс берді.
Автоматтар және зымырандармен жасалған шабуыл күнімен жалғасты.
Ресей шекарасындағы жасақтардың штаб орталығы ретінде қолданылған базасын қорғау үшін Украина әуе күштері де операцияға қатысты.
Украина әуе күштерінің қала орталығында Ресей жақтаушысы бөлшектеу топтың қоршауға алғаны бір үкімет ғимаратына болса әуе шабуылы жасалғаны алға тартылды.
Орыс жақтаушысы бөлшектеушілерге сүйенген хабарында орыс Interfax хабар агенттігі шабуылда 7 адамның қаза тапқанын білдірді.
Украина үкіметі болса шабуылды теріске шығарды және жарылысқа орыс жақтаушысы топ лақтырған зымырандардың себеп болғанын атап көрсетті.
Ресей Сыртқы істер министрлігі бөлшектеуші топтың бақылауындағы ғимаратқа жасалған әуе шабуылын айыптады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар