Нигерияда бомбалы шабуыл

Нигерияның Муби қаласындағы шабуылда 16 адам мерт болды

79583
Нигерияда бомбалы шабуыл

Нигерияның солтүстік шығысындағы Адамава уәлаятына қарасты Муби қаласындағы бір спорт орталығына ұйымдастырылған бомбалы шабуылда 16 адам мерт болды, 19 адам жараланды.
Бомбалы шабуылшының біреуі ұсталғаны және тергеліп жатқаны білдірілді.
Муби қаласы аймақтағы оппозиционерлермен күрестегі операциялардың орталығы ретінде танылады. Елдің солтсүтік шығысындағы және өткен жылдан бері кезектен тыс жағдай жарияланған Адамава, Борно және Иобе уәлаяттары Боко Харам ұйымының күш қолдану оқиғаларына сахна болып келеді.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар