Иракта әскери операция

22 адам қаза тапты, 36 адам жараланды

80249
Иракта әскери операция

Ирактың Энбар қаласына қарасты әл-Фаллужада армияның операциясында 22 адам қаза тапты, 36 адам жараланды.

әл-Фаллужа ауруханасының баспасөз өкілі Висам әл-Исави қаланың Дуббат, Низам, Аскериеве мен Жолан мөлтекаудандарында «армияның шабуылдарында» қаза тапқан 5-і әйел, 2-сі бала 22 қарапайым азаматтардың мәйіттерінің ауруханаға әкелінгенін білдірді.
Исави оқиғаларда жараланып, ауруханаға әкелінген 36 адамның емдеу жұмыстарының жалғасып жатқанын айтты.
Оқиға туралы ресми мекемелер мәлімдеме жасаған жоқ.
Ирак армиясы «Ру төңкерісшілері» деп аталатын қарулы топтар мен Ирак Дамаск Ислам мемлекеті ұйымының мүшелері жасырынған деген сылтаумен Энбар қаласы мен маңайында шамамен 5 айдан бері операциялар ұйымдастырып жүр.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар