АҚШ президенті Обама Украина сайлауына қатысты мәлімдеме жасады

«Қатысушы саны жоғары болғаны себепті Украина халқын құттықтаймын»

73625
АҚШ президенті Обама Украина сайлауына қатысты мәлімдеме жасады

Вашингтон әкімшілігінен Украинадағы сайлауға қатысты алғашқы мәлімдеме келді.
Америка Құрама Штаттары президенті Барак Обама «Сайлауға қатысуы себепті Украина халқын құттықтаймын» деді.
Ақ үйден жасалған мәлімдемеде провокация және қақтығысқа қарамастан миллиондаған украиннің дауыс қолданғаны атап көрсетілген.
Мәлімдемеде президенттік сайлаудың елдің тұтастығы үшін маңызды бір бастама екені және барлық азаматтардың арманы мен тілегін тілге тиек етуі екені атап көрсетілді.
АҚШ әкімшілігінің демократиялық сайланған парламент және президентпен саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін ортақ жұмыстанатыны атап көрсетілді.
Мәлімдемеде Ресейдің Қырымды басып алуы қабылданбай жатса, Вашингтонның Украинаның тәуелсіздігі мен шекара тұтастығы үшін қолдауын жалғастыратыны білдірілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар