Бразилияда Әлем кубогына наразылық шерулері жалғасуда

Әлем кубогы шығындарына наразылық көрсеткен шерушілер Сан-Паулуда жиналды

70332
Бразилияда Әлем кубогына наразылық шерулері жалғасуда

Оңтүстік Америка мемлекеттерінен Бразилияда дағдарыс жалғасуда.
Әлем кубогы шығындарына наразылық көрсеткен баспанасыздар елдің ең үлкен қаласы Сан-Паулуда жиналды.
Шерушілер 5 автобусты өртеді. Елде топтық тасымалдау көліктерінің жұмысшылары да жұмыс тастады.
Еңбекақыларының көтерілуін талап еткен жұмысшылар адамдардың аялдамаларда ұзын кезекте күтуіне себеп болды.
Бразилияда полиция қызметкерлерінің де бүгін жұмыс тастауы күтіледі. Мыңдаған полиция қызметкері Бразилияның 14 қаласында еңбекақыларының көтерілуі үшін бір күндік жұмыс тастау акциясына қосылады.
Елдегі дағдарысқа қарамастан Әлем кубогы үшін басталған дайындықтар жалғасуда.
Президент Дилма Русеф оң мыңдаған футбол сүйер қауымды күтетін Сан-Паулудағы Гуарульюс Халықаралық әуежайының жаңа терминалын ресми мерәсіммен ашты.
Жаңа терминалмен бірге жыл сайын 12 миллион жолаушының өтуі күтілген әуежайы Латын Американың ең үлкен әуежайы болу ерекшелігіне ие.
Басқа жағынан Әлем кубогында маңызды бір міндет атқаратын Бразилия қауіпсіздік күштері Рио-Де-Жанейрода жаттығу жасады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар