Украинаның шығысында референдум өтіп жатыр

АҚШ Украинадағы референдумды танымайды

65708
Украинаның шығысында референдум өтіп жатыр

Вашингтон үкіметі Украинада ресейшіл сепаратистердің бүгін өткізіп жатқан референдумының заңға қайшы екенін және танымайтынын мәлімдеді.
Бұл туралы АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Джен Псаки мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, бүгін өтіп жатқан референдум «халықаралық заңнамалар және Украинаның территориялық тұтастығына қайшы».
Мәлімдемеде сондай-ақ Ресейдің референдумды өткізбеу үшін күш жігер салмағаны да білдірілді. АҚШ Ресейдің Украинадағы тәртіпсіздіктерге араласуы жалғасатын болса және 25 мамырдағы президент сайлауына кедергі жасалатын болса Мәскеуге санкциялардың ауырлайтынын білдірді.
Бүгін Украинаның шығысында дауыс беру орындары жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 8:30-да ашылған. Дауыс беруге барып жатқан адамдардың саны туралы ақпараттар бір-біріне кереғар. Ғаламторда «сайлау учаскелері алдында кезекте тұрған» адамдардың суреттері пайда болды. Бірақ ол ақпараттардың қаншалықты шындық екені белгісіз. Референдумға шетелдік бақылаушылар қатысқан жоқ.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар