Харковь қаласында референдум өткізілмейді
«Оңтүстік-шығыс» қозғалысының лидері Апухтин референдум өтпейтінін мәлімдеді
Украинаның ең үлкен екінші қаласы болып табылатын Харковь қаласында референдум өткізілмейтін болды. Украинаның шығысы мен оңтүстік-шығыс аймақтарындағы федерациялық құрылым талап еткен «Оңтүстік-шығыс» қозғалысының лидері Юрий Апухтин бүгін Харковь қаласында референдум өтпейтінін мәлімдеді.
Юрий Апухтин «Біз 11 мамырда референдум өткізуге әзір емеспіз. Харковь, Луганск пен Донецк үшін ортақ мәселелердің шешімі туралы келісімге келе алмадық. Осыған орай 11 мамырда референдум өткізбеуге шешім қабылдадық» деді.
Апухтин бұдан бұрын Донецк пен Луганскмен бір мезгілде Харковь қаласында да референдум өткізуді жоспарлап отырғандарын мәлімдеген еді.
Ұқсас жаңалықтар
Лондон-Сингапур рейсі турбуленттілікке кіріп, 1 адам қаза тапты
Сингапур әуе жолдары ұшағының Суварнабхуми халықаралық әуежайына шұғыл қонғаны хабарланды.
Лавров Палестина мемлекетін құрудың маңызына тоқталды
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанда баспасөз мәслихатын өткізді.