Ауған және ирактық одақтастарға қолдау келді

Ирак және Ауғанстанда Америка армиясы үшін аудармашы боп жұмыс істегендерге виза жеңілдігі беріледі.

64975
Ауған және ирактық одақтастарға қолдау келді

Америка Құрама Штаттарынан ауған және ирактық одақтастарға қолдау келді.
Ирак және Ауғанстанда Америка армиясы үшін аудармашы боп жұмыс істегендерге виза жеңілдігі беріледі.
Америка Құрама Штаттары Ирак пен Ауғанстандағы қауіпсіздік уайымдарына шешім іздейді.
Ирак кеткен Америка армиясы Ауғанстаннан да НАТО күшімен бірге биылғы жылдың аяғында кетуді жоспарлап отыр. Осы қауіпті аймақтарда Америка үшін жұмыс істеген ауған және ирактық азаматтар үшін «Одақтас қорғау заңы» күшінде. Осы заң арқылы Америка Құрама Штаттары үшін жұмыс істей жүріп өз жанына қауіп төнген азаматтарға арнайы виза ережесі беріледі.
Биылғы жылдың аяғында мерзімі аяқталатын аталмыш заңның созылуы күн тәртібіне келді.
Осы ереже жөнінде мәлімет берген американдық сенаторлар мұның тек ахлақтық жауапкершілік ғана емес, ұлттық қауіпсіздік үшін мәжбүрлік екенін айтып отыр.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар