Өлім жазасының жаңғырықтары

Пан Ги Мун Мысыр Сыртқы істер министрімен кездесті.

62277
Өлім жазасының жаңғырықтары

Мысырда Мұсылман бауырлар ұйымына мүше 683 адамға берілген өлім жазасының жаңғырықтары жалғасуда.
Біріккен Ұлттар Ұйымы бас хатшысы Пан Ги Мун Нью-Йоркта Мысыр Сыртқы істер министрі Небил Фехмимен бас қосты.
Кездесуде Пан Ги Мун мысырлық лауазымдыға өлім жазалары мен журналистердің тұтқындалуына байланысты уайымдарын жеткізді.
Осы арада Халықаралық Мұсылман даналар одағы Мысыр сотының үкімін айыптады. Мысырлық ғалым Юсуф Кардави басқарған одақ мәлімдеме жариялап, «өлім жазасы үкімі берілген сотта бейтарап тергеу жүргізілмегенін және соттың төңкеріс үкіметінің көлеңкесінде өткенін білдірді.
Мұсылман ғалымдар үкімнің «оппозициядан кек алу» екенін айтты.
Сонымен бірге елде жарылыстар болды. Сина түбегінде екі жанкешті жарылыс жасап, бір әскер қаза болды, бесеуі әскер барлығы 9 адам жарақат алды.
Астана Каирде де бір сот ғимараты маңында жарылыс болды. Оқиғада бір полиция қызметкері мерт болды, үшеуі жараланды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар