Бүгін Иракта сайлау өтіп жатыр

Бүгін Иракта сайлау өтіп жатыр

61863
Бүгін Иракта сайлау өтіп жатыр

Ел көлемінде қауіпсіздік шаралары жоғары деңгейге шығарылды.
Иракта халық Саддам Хүсейн төңкерілгелі бері төртінші мәрте сандыққа жүгініп отыр.
Парламент сайлауында 9 мыңнан астам үміткер 328 мүшелі парламенттегі орын үшін жарысады. Сайлауда 21 миллион 400 мың сайлаушы дауыс қолданады.
Ел Кайдаға байланысы бар топтар басқарып отырған Анбар уәлаятында болса сайлау өткізілмейді. Сайлауда бақ сынасып отырған ірі партиялардың екеуі шиіт, үшеуі сүннит, бірі күрт топтарынан құралған.
Нури Ел Малики басшылық жасаған шиіт блогының мәжілістегі 328 орынның жүзін алатыны болжалып отыр. Малики екі сайлау кезеңінен бері премьер-министрлік қызметін атқарып келеді. Бірақ әлі күнге дейін ірі екі қаланың лаңкестік топтардың қолында болуы Маликиді қинауы мүмкін.
Елде бір апта демалыс жарияланды. Әуе кеңістігі де кешке дейін жабық болады.
Қауіпсіздік шараларына қарамастан Бағдаттың солтүстік шығысындағы Саадие ауданында базарда жарылыс болып, 17 адам қаза тапты, 42 адам жараланды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар