Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары.

1670014
Әлем баспасөзіне шолу

El-Vatan (Катар): Катар мен Иордания қауіпсіздік келісім жасады.

El-Raya El-Katariye (Катар): Әлем ертең (6 шілде) Күнге ең ұзақ қашықтықта болады.

El-Vatan (Оман): Оман Теңіз күштері қолбасшысы генерал Бахри Сейф ибн Насыр эль-Рахби төрағалығындағы әскери делегация бүгін таңертең Ұлыбританияға барды.

Frankfurter Allgemeine Zeitung: Әзербайжан 15 армян  қылмыскерін еркін қоя берді.

 Tagesschau.de: Германияда саясаткерлер мен мамандар жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) вакцина салуға уақытында бармағандарға ақшалай жаза қолдануды талап етуде.

dpa: Қытайлық ғарышкерлер Лю Бомин мен Тан Хунбо Қытайдың «Тяньхэ» ғарыш стансасы негізгі модулінің тораптық кабинасынан ашық ғарышқа шықты.

El Mundo (Испания): Испанияда жүргізілген бір зерттеудің нәтижесіне қарағанда 35 жас және одан төменгі жастағы жастар  жұмыссыздық, бағаның қымбаттығы және болашаққа деген күдік салдарынан үй алғысы келмеуде.

El Nacional (Венесуэла): АҚШ Джону Хопкинсу Университетінің зерттеулеріне қарағанда Венесуэла адам санының тек 0,8 пайызы  жаңа типтегі коронавирусқа (Ковид-19) қарсы вакцина салғызды.

El Pais (Испания): Испанияда медбиклер қарттарды бағу орталығынан қашуда.

Le Figaro: «Дельта-вариант»: Франция денсаулық сақтау министрі Оливье Веран жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індетінде төртінші бір толқынның болуы мүмкіндігі жайлы ескерту жасады.

Le Parisien: Францияда жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індетіне қарсы жәрбүр түрде вакцина салғызу қысымы артуда.

Ria.ru:вак Украина президенті Владимир Зеленский Қаратеңіздегі «Sea Breeze» әскери жаттығуына қатысқан АҚШ әскерлерінің хал-жайларын сұрады.

TASS: Ресей президенттік сарайы Кремль мәлімдемешісі Дмитрий Песков Ресей-Түркия қарым-қатынастарының өте маңызды екенін және аймақ үшік тұрақтылық орнатқанын білдірді. 

Kommersant: Ресей адам денсаулығын және тұтынушыны қорғау мекемесі коронавирустың Ресей федерациясының экономикасына қатты зиян тигізгенін айтты.

ҚазИнформ ақпарат агенттігі: Коронавирус: Қазақстанның көпшілік өңірлері «қызыл», «сары» аймаққа кірді.

Егемен Қазақстан газеті: Егемендік пен Елбасы – егіз ұғым.



Ұқсас жаңалықтар