Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1645163
Әлем баспасөзіне шолу

 

Euronews: Беларусьтің жолаушы ұшағын төтенше жағдайда қондырып, борттағы бір оппозиционерді қамауға алуына Еуропадан қатал наразылық келді.

Deutsche Welle: ДАИШ-тің бомба маманы Стамбулда ұсталды.

Berliner Zeitung: Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының хабарламасына қарағанда, пандемияда кемінде 115 мың медициналық қызметкер қайтыс болды.

Al-Quds Al-Arabi: АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Израиль мен Газа арасындағы бітімді нығайту мақсатымен Тель-Авивте.

Al-Quds Al-Arabi: Рамалла қаласы маңындағы Израиль күштерінің оғымен бір палестиналық шейіт болды.

Al-Raya (Kaтар): Ауған үкіметі мен Талибан Дохада келіссөзді жалғастыруда.

France 24: Сovid-19: Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы вакцина таралымындағы «үлкен теңсіздікті» айыптады.

Le Monde: (Франция президенті) Эммануэль Макрон ДДСҰ-ның Медицина академиясының 2023 жылы Лионда ашылатынын хабарлады.

Lenta. ru: Беларусь президенті Александр Лукашенко ұшақ жанжалы мен оппозиционер Роман Протасевичтің қамауға алынуынан кейін Ресей президенті Владимир Путинмен Мәскеуде кездеседі.

Komsomolskaya Pravda газеті: ЕО саммитінде Беларусьтің авиакомпанияларының Еуропа Одағына ұшуына тыйым салынды.

Ria Novosti Aгенттігі:Ресей Исландия, Малта, Мексика, Португалия және Сауд Арабиясына рейстерін қайта бастайды.

El Pais (Испания): Испанияда консерватор Халық партиясы үкіметтің «Каталан процесі» тұтқындарына кешірім жасауы жағдайында заңды және саяси процесс бастайтынын хабарлады.

El Mundo (Испания): Испанияда 1 маусым күні коронавирустан туындаған дағдарыс әсер еткен жұмысшылар мен компаниялар үшін көмек жоспарын жалғастыру үшін кезектен тыс Министрлер кабинеті жиналады.

TeleSur(Венесуэла): Колумбия конгресі бүгін Қорғаныс министрі Диего Моланоға қарсы интерпелляцияны дауысқа салады. Моланы 28 сәуір күні басталған наразылық акцияларында полицияның күш қолдануының «саяси жауаптысы» ретінде айыпталып отыр.

ҚазИнформ ақпарат агенттігі: Мемлекет басшысы сайлау туралы Конституциялық заңға өзгеріс енгізу туралы құжатқа қол қойды.

Егемен Қазақстан газеті: Президент «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға қол қойды.

 



Ұқсас жаңалықтар