Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1634257
Әлем баспасөзіне шолу

El-Cezire (Катар телеарнасы): Президент Режеп Тайып Ердоған мен Сауд Арабиясы королі Селман ибн Абдулазиз телефонда сөйлесті. Әңгіме барысында өзара қарым-қатынастар талқыланды.

El-Düstur (Иордания газеті): Ливан мен Израиль арасында теңіз шекараларын белгілеу жөніндегі келіссөздер қайта басталды.

el-Quds el-Arabi (Араб-ағылшын газеті):  АҚШ полициясы Дерек Шовин афро-американдық Джордж Флойдты өлтіргені үшін сотталған соң сот ісін қайта қарауды сұрайды.

nex24.news: Қорғаныс технологиясы – Түркия өзі жетілдірген «HİSAR-A» әуе қорғаныс зымыранын табыспен сынақтан өткізді.

Deutsche Welle: Коронавирус. Неміс үкіметі коронавирустық екпе ектіргендер мен аурудан сауығып кеткендерге негізгі құқықтарын қайтаруды көздейтін қаулы қабылдады.

El Mundo (Испания): Халық партиясы солшыл бөліну үшін тарихи бетбұрыс жасады. Мадрид қаласында өткен аймақтық сайлауда жеңіске жетті.

El País (Испания): Испаниядағы Unidas Podemos партиясы төрағасы Пабло Иглесиас Мадридте солшылдар сәтсіздікке ұшырағаннан кейін саясаттан кеткенін мәлімдеді.

Telesur (Венесуэла): Колумбияда 28 сәуірден бері жалғасқан салық реформасына қарсы шерулерде 19 адам қаза тапты.

Le Figaro: Ковид-19: Еуропалықтардың төрттен бір бөлігі алғаш рет вакцинацияланды. АҚШ вакцинация науқанын жеделдетті.

Le Monde: Мысыр Франциядан 30 дана Rafale жойғыш ұшағы сатып алғанын растады.

France 24: Францияда ковид-19 эпидемиясына қарсы 3 миллион адамға осы апта вакцина егу нысанаға алынып отыр.

РИА Новости: АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен халықаралық міндеттемелерін орындау үшін Ресейге қысым жасауға шақырды.

Lenta.ru: Пентагон (АҚШ Қорғаныс министрлігі) Ресейді Сирия дағдарысын шешу  механизмін таптаумен айыптады.

Коммерсант газеті: Ресей мемлекеттік вирусология және биотехнологиялық ғылыми зерттеу орталығы үш дозада егілетін «EpiVakKorona» вакцинасының клиникалық зерттеулерін жүргізуде.

ҚазИнформ халықаралық ақпарат агенттігі: Қазақстандық зауыт жылына 60 млн доза вакцина шығара алады – Алексей Цой.

Егемен Қазақстан газеті: Президент Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованы қабылдады.



Ұқсас жаңалықтар