Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің тақырыптары

1607500
Әлем баспасөзіне шолу

Süddeutsche Zeitung: Германия Қытайдың елшісін неміс депутаттар мен ғалымдарға қарсы санкция үшін Сыртқы істер министрлігіне шақырды.

Welt.de: Коронавирус вакцинасы: Еуропа Одағы комиссиясы экспорттың одан да көп бақылауға алынуын қалайды.

ard.de: Германияда жүргізілген бір зерттеуге қарағанда, үкіметтің коронавирус саясатына наразылық шерулері журналистерге бағытталған шабуылдардың артуына себеп болды.

Le Monde:Франция президенті Эммануэль Макрон ковид вакцинасының сенбі күнінен бастап 70 жастан үлкен баршаға егілетінін хабарлады.

France 24: Еуропада эпидемия сақтық шараларына қарсы шерулер өткізіліп жатқанда, француздар неге үнсіз?

El Mundo (Испания): Pfizer компаниясы коронавирусқа қарсы ауыздан алынатын бір дәрінің клиникалық сынақтарын бастады.

La Jornada (Mексика): Мексика мемлекет басшысы Обрадор әкімдермен бірге «Демократия үшін Ұлттық келісімге» қол қойды. Сайлаудың еркін және халықтың ойына құрмет көрсетілетін түрде өткізілуі үшін жоспар жасалды.

La Tercera (Чили): Бразилияның бұрынғы мемлекет басшысы Лула да Сильва үшін жаңа жеңіс: Жоғары сот төрешінің Да Сильваға қарсы «бір жақты» қозғалғаны жөнінде көзқарас білдірді.

Al Jazeera: Ауғанстан президенті Ашраф Ғани мерзімінен бұрын сайлау өткізілуін ұсынды. Ұлыбритания болса бейбітшілік келісімі жасалмастан елден әскер әкетуге қарсы шығып отыр.

Al-Quds Al-Arabi: Израиль әскери ұшақтары Газа секторын бомбалады.

Kommersant газеті: Ресей президенті Владимир Путин коронавирус вакцинасының бірінші дозасын салдырды.

Lenta.ru: Қытай кедені орыс теңіз өнімдерін қораптың үстінде шыққан коронавирус салдарынан кері қайтарды.

RİA Novosti: Евроның бағамы ақпан айының аяғынан бері бірінші рет 91 рубльден асты.

ҚазИнформ ақпарат агенттігі: Коронавирус: Үш өңір «қызыл», бес облыс «сары» аймақта.
Егемен Қазақстан газеті:  Мемлекет басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

 



Ұқсас жаңалықтар