Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1599225
Әлем баспасөзіне шолу

Le Monde: Франция өзінің алғашқы әскери ғарыштық жаттығуын өткізеді.

France 24: Pfizer-BioNTech компаниясы наурыз айында ЕО-ты тағы төрт миллион доза ковид-19 вакцинасымен қамтамасыз етеді.

Le Parisien: Францияның Иль-де-Франс аймағында реанимациялық бөлімшелерде Ковид-19 науқастарының саны жылдам өсуде.

rnd.de:Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин Түркияда атом реакторларын салу рәсіміне қатысты.

Der Standard (Австрия): Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху бүгін алғаш рет Біріккен Араб Әмірліктеріне барады.

dpa: Apple - технология алпауыты Германияға бір миллиард евро инвестиция салады.

La Vanguardia (Испания): Испания Денсаулық сақтау министрлігі бүгін 65 жасқа дейінгі адамдарға AstraZeneca вакцинасын егуге рұқсат беруі мүмкін.

Telesur (Венесуэла): Мексиканың Өкілдер палатасы марихуана туралы заң жобасын қабылдады. Осылайша марихуана өсімдігін өсіруге, өндіруге, тұтынуға, таратуға және индустрияландыруға рұқсат берді.

Al-Quds Al-Arabi: Басқыншы Израиль күштері Батыс Шерияның оңтүстігінде палестиналық 5 баланы тұтқындады.

Al Jazeera: Экономикалық ынтымақтастық Израиль-Мысыр келіссөздерінде талқыланды.

Al-Quds Al-Arabi: Ливия парламенті Дубаиба үкіметіне (премьер-министр Абдулхамитке) сенім білдіріп, жалпыхалықтық сайлаудың жолын ашты.

Lenta.ru(Ресей): Ресей Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Викторович Володин: «Ресей біртіндеп долларға тәуелділіктен құтылады».

Российская газеті (Ресей): Бір неміс азаматы Sputnik V вакцинасын егу үшін отбасымен Ресейге келді.

Ведомости (Ресей): Жапония Ресеймен арадағы дауды өз мүддесіне шешу үшін Оңтүстік Курил аралдарын қоршау керектігін алға тартады.

ҚазИнформ халықаралық ақпарат агенттігі: Пандемияның басталғанына - 1 жыл: Президент індетті тек вакцинация арқылы жеңетінімізді айтты.

Егемен Қазақстан газеті: Қасым-Жомарт Тоқаев Стэнфорд университетінің профессорымен бейне байланыс арқылы пікірлесті.



Ұқсас жаңалықтар