Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1588184
Әлем баспасөзіне шолу

el-Düstur (Иордания): Израиль екі аптада палестиналық азаматтардың 89 ғимаратын тартып алды.

el-Quds el-Arabi: Израиль премьер-министрі Иерусалимдегі кеңсесінде Мысырдың бір министрін қабылдады.  Қабылдауда Нетаньяху министрден дос Мысыр президенті Әс Сисиге сәлем айта баруын сұрады.

el-Raye el-Qatariyye (Kaтар): Катар Франкофонияға қолдау көрсетуін жалғастырады.

Deutsche Welle: Коронавирус: Германияда оқиға саны алаң туғызатын түрде артып отыр.

Süddeutsche Zeitung: Германияда уәлаяттар вакциналау кезегін өзгерткісі келеді. Бала бақша мен бастауыш мектептерде міндет атқаратындарға алғы кезек берілуі ойластырылуда.

Frankfurter Rundschau: Америка Құрама Штаттарының бұрынғы президенті Дональд Трамп 2024 жылы қайтадан кандидат бола ма? Өгей қызы Лара Трамптың айтқандары осы тақырыпты өршітті.

El País (Испания): Каталон полициясының көшедегі оқиғаларды басқару әдісі Каталониядағы тұрақсыздықты ушықтырды.

La Jornada (Meксика): Веракруз штатында құлаған Мексика Әуе күштерінің ұшағында алты адам қаза тапты.

Clarín (Aргентина): АҚШ коронавирус себебімен 500 мыңнан асқан өлім-жітіммен Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстар мен Вьетнам соғысындағыдан да көп шығын берді.

Gazeta.ru: АҚШ президенті Джо Байденнің қауіпсіздік кеңесшісі Сулливан Америка Құрама Штаттарының орыс хакерлердің кибер шабуылдарына жауап дайындағанын айтты.

İzvestiya газеті: Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Доминик Рааб БҰҰ Адам құқықтары кеңесінен Ресейдегі адам құқықтарын бұзушылықтарға наразылық білдіруін сұрайды.

RİA Novosti:Словакия премьер-министрі Игор Матович кабинет мүшелерінен орыстың коронавирус вакцинасын алуды жылдамдатуды талап етті.

Le Monde: Францияда полиция қызметкерлеріне қарсы жасалған қылмыстар жиырма жылда екі еседен артық көбейді.

Le Figaro: Мьянмадағы хунта ереуілшілерге өлулері мүмкін екенін айтып ескертті.

Libération: Коронавирус сақтық шаралары: Францияның оңтүстігіндегі Ницца қаласында туризм жойылатын жағдайда.

ҚазИнформ ақпарат агенттігі: 25 ақпанда Ұлттық кеңестің бесінші отырысы өтеді.

Егемен Қазақстан газеті: Денсаулық сақтау вице-министрлері «Спутник V» вакцинасының 2-дозасын ектірді.
 



Ұқсас жаңалықтар