Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1574830
Әлем баспасөзіне шолу

Le Monde: Мьянма: Мемлекеттік кеңестің президенті және сыртқы істер министрі Аун Сан Су Чи армия тарапынан тұтқындалып, елде бір жылдық төтенше жағдай жарияланды.

Le Figaro: Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Ресей және Қытайдың вакциналарымен еуропалықтарға бас көтерді.

Le Soir (Бельгия): AstraZeneca Еуроодаққа жеткізетін вакцина санын арттырады.

Al-Raya Al-Katariya (Катар): Жаңа типтегі коронавирусты (ковид-19) басқарудағы ең нашар мемлекет Бразилия, ал ең жақсысы Жаңа Зеландия.

VATAN (Оман): Оман ковид-19 эпидемиясына қарсы күрес аясында құрлық шекараларын жабу туралы шешімін 8 ақпанға дейін созды.

El-Mustakbal (Ливан): Британдық Guardian газеті: Қытайда жаңа бір вирус анықталды. Жұқпалы және өлімге әкелетін вирустың шығу тегі тағы жарқанаттар.

n-tv.de:Германия Ішкі істер министрі Хорст Лоренц Зеехофер: «Қажет болмаса шетелге шығудың өзі ақымақтық».

Deutsche Welle: Түркияның Қорғаныс министрі Хулуси Акар сейсенбі күні Берлинде неміс әріптесі Аннегрет Крамп-Карренбауэрмен бас қосады.

faz.net:Пандемия неміс университеттеріне деген қызығушылықты азайтты.

El Mundo (Испания): Испаниялық Барселона футбол командасының аргентиналық ойыншы Лионель Мессимен жасаған келісімшарттың егжей-тегжейі белгілі болды. Бұған қарағанда Мессиге 2017-2020 жылдары арасында жалпы 555 миллион еуро төленген.

El Pais (Испания): Испанияда шіркеу 126 жыныстық зорлық-зомбылық қылмыстық істің жауапкершілігін мойындады.

El Nacional (Венесуэла): Мексика Канадамен рейстердің тоқтатылуынан туындайтын шығынның 782 миллион долларды құрайтынын болжады.

РИА Новости: Ресей Федерациясы премьер-министрі Дмитрий Медведев интернеттің Америка Құрама Штаттары (АҚШ) тарапынан басқарылғанын және Ресейдің қажет жағдайда интернетті өшіріп, альтернативті бір платформаға көше алатынын білдірді.

Коммерсант газеті: Кеше бас қала Мәскеуде ұйымдастырылған наразылық шерулері кезінде қала орталығы мен кейбір метро станцияларының жабылғанына қарамастан демонстранттар Telegram арқылы байланысып, даңғылдарға ұласты. 

lenta.ru:Теңіз тасымалындағы тарифтердің өсуіне байланысты Ресейде импортталған үй жиһаздары мен дайын киім бағалары күрт өседі.

ҚазИнформ халықаралық ақпарат агенттігі: Мемлекет басшысы Қырғыз президентімен телефон арқылы сөйлесті.

Егемен Қазақстан газеті: Палата Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен Бюро отырысы болды.



Ұқсас жаңалықтар