Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1568844
Әлем баспасөзіне шолу

Al-Raya Al-Katariya (Катар): Мысыр Катармен дипломатиялық қарым-қатынастардың қайтадан басталғанын жариялады.

VATAN (Оман): Мутацияға ұшыраған коронавирус әлемнің 60 еліне таралады және Ұлыбритания әлемдегі өлім-жітімнің ең жоғары деңгейіне ие.

El-Mustakbal (Ливан): АҚШ-тағы коронавирус өлімдері Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан сарбаздардың санынан асты.

n-tv: Еуропарламенттен «Солтүстік ағын 2» жобасын тоқтату шақыруы.

Deutsche Welle: ЕО басшылары мутацияға ұшыраған вирусқа қарсы ортақ стратегия іздеуде.

РИА Новости ақпарат агенттігі: Венгрия орыс Sputnik-V вакцинасын қолдануға ресми түрде рұқсат берген алғаш ЕО мемлекеті болды.

TАСС ақпарат агенттігі: Еуропарламент (ресейлік оппозициялық саясаткер) Алексей Навальный тұтқындалғаны себепті Ресейге қарсы санкция мен «Солтүстік ағын-2» табиғи газ жобасын бұғаттауға шақырды.

RuNews24.ru:Ресейліктер қысқы демалыстарын өткізу және тұрғын үй сатып алу үшін Түркияны бұрынғыға қарағанда одан көп таңдауда.

El Mundo (Испания): Ковид-19 үшінші толқыны Испанияда реанимация бөлімі қызметінің тоқтауына себеп болды. Реанимация бөлімдері науқас сұранысына үлгере алмағандықтан мамандар одан қатаң шараларды іске қосуды талап етуде.

El Pais (Испания): Ковид-19: Испаниядағы аймақтық үкіметтердегі заңдық кемшіліктер кейбір адам мен топтарға орынсыз вакцинация егілуіне және (мұны жасайтындардың) жазаланбауына жол ашады.

El Nacional (Венесуэла): Венесуэлада Николас Мадуро режимі Гайанамен шекара дауына қатысты сот ісін 3 айға дейін кешіктіруді талап етті.

Le Monde: Франция жексенбіден бастап ЕО-ның барлық жолаушылары үшін ПТР тестілеуін талап етеді.

Le Figaro: АҚШ демократиясы революцияшыл бір дәуірдің қауіпті кезеңінде тұр.

France 24: Байденнің ұлықтау рәсімін протест еткісі келген Трамп жақтастары жалғыз қалды.

ҚазИнформ халықаралық ақпарат агенттігі: Қазақ қызы АҚШ мемлекеттік департаментінде басшылық қызметке тағайындалды.

Егемен Қазақстан газеті: Қазақстанда сарбаздарды SMS-хабарлама арқылы әскерге шақыратын болды.



Ұқсас жаңалықтар