Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1566531
Әлем баспасөзіне шолу

 

t-online.de: Германия Сыртқы істер министрі Хайко Маас Түркиямен қатынастарда жаңа  бастауды үміт ететінін айтты.

Bild.de: Германия карантинге байланысты бүгін шешім береді. Германия канцлері Ангела Меркель бүгін түсте уәлият премьер-министрлерімен бас қосып, қатаң карантин және жаңа сақтық шараларын талқылайды.

Spiegel.de: Мамандар үкіметтен тығыз сақтық шаралары қабылдануын талап етеді.

Deutsche Welle: Баварияда коронавирустың жаңа штаммы табылды.

El País (Испания): Испания Өнеркәсіп және туризм министрі коронавирус вакцинасы ектіргендерге «Вакцина төлқұжаты» шығарылуының туризмдегі қозғалысты қайта жандандыруы мүмкін екенін айтты.

La Tercera (Чили): Коронавирустың Бразилияда кездескен түрі Ұлыбритания мен Оңтүстік Африкада анықталған штаммен бірдей мутацияға ие. Барлығы да тез жұғады.

El Universal (Мексика): Мехико Ситидегі мейрамханалар сақтық шаралары қолданылып, қайта ашылды.

Elqudus: «Бүгін келеді» Израиль үкіметі орыс вакцинасын Палестина жеріне өткізуді қабылдады.

Eldustour: Давос: Заманауи экономика, қоршаған орта, әлеуметтік және технологиялық қиыншылықтарды талқылауда.

Elayyam: Вашингтон Байденнің ұлықтау рәсімінен екі күн бұрын бір траншеяға айналды.

Le Soir: АҚШ президенті Дональд Трамп кейбір Еуропа елдері мен Бразилияға коронавирусқа байланысты жүргізілген саяхат шектемесін алып тастағанын хабарлады. Жаңа президент Джо Байденнің командасы болса тыйымның жалғасатынын білдірді.

Le Monde: АҚШ-тың жаңа президенті Джо Байденнің міндетін бастауына 48 сағат қалғанда, Вашингтон қаласында баррикадалар құрылды.

France 24: Коронавирус сақтық шаралары шеңберінде жабылған, Францияның астанасы Париждегі атақты Диснейлэнд саябағының ашылуы 23 ақпаннан 2 сәуір күніне қалдырылды.

İnterfax агенттігі: Германиядан келген кезде әуежайда ұсталған оппозиционер Алексей Навальный 15 ақпан күніне дейін қамауда болады.

Kommersant газеті: Германия Америка Құрама Штаттарының «Солтүстік Ағым-2» құбыр желісіне бағытталған жаңа санкция мәліметін растады.

İzvestiya газеті:Италияның Ресейдегі өкілетті елшісі коронавирусқа қарсы орыс вакцинасын ектірді және ешбір жанама әсер байқалмағанын білдірді.

 ҚазИнформ ақпарат агенттігі: Індетпен күрестің жаңа кезеңі: Қазақстанда екі аптадан кейін вакцинация басталады.

Егемен Қазақстан газеті: Басты мақсат – Қазақстанды қуатты елге айналдыру.



Ұқсас жаңалықтар