Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1565706
Әлем баспасөзіне шолу

Al-Raya Al-Katariya (Катар): Сауд Арабиясы Катармен дипломатиялық қарым-қатынастарын қалпына келтіруде.

VATAN (Оман): Америка Құрама Штаттарында (АҚШ) жүргізілген бір зерттеуге қарағанда депрессия мен стресс организмнің вакцинаға деген реакциясын әлсіретеді.

El-Mustakbal (Ливан): Біріккен Араб Әмірліктерінің Ресейдегі өкілетті елшісі дүниеден озды.

Le Parisien (Франция): Франциядағы Ислам қағидалары регламенті: Президент Эммануэль Макрон бүгін Франция Ислам Кеңесін қабылдайды.

Le Soir (Бельгия): Коронавирус: Ұлыбританиядағы мутациялық вирустар туралы оқиғалардың артынан Фламандия аймағында көптеген мектеп жабылды.

El Universal (Мексика): Гватемалалық лауазымдылар Гондурастан кетіп жатқан иммигранттар тобын зорлық-зомбылықпен тоқтатты. (АҚШ-қа жету мақсатты аттанған иммигрант саны шамамен 9 мың адам).

Infobae (Аргентина): Ковид-19 депрессиясы. Сарапшылар ескертті. «Пандемия - адамзаттың басынан кешкен ең агрессивті әлеуметтік стресс факторы».

El Mundo (Испания): Испанияның Андалусия аймағы үкіметтен ковид-19 эпидемиясымен күрес аясында коменданттық сағатты алға шегеруді сұрайды.

Tagesschau.de: «Коронавирус шаралары вакцина ектірген адамдарға жеңілдетілсін»: Германия Сыртқы істер министрі Хайко Маастың бұл өтініші қолдау таппады.

Deutsche Welle: АҚШ-тағы президенттік жарыста жеңіске жеткен Джо Байден міндетін бастайтын алғашқы күні-ақ мұсылман елдердің азаматтарына салынған саяхат тыйымын алып тастайды.

Welt.de: Сейсенбі күні неміс орталық үкіметі және штаттар коронавирус шараларын талқылайды. Іс-шаралар одан әрі күшейтіледі деп күтілуде.   

Орыс хабар агенттігі ТАСС: Орыс оппозиционер Алексей Навальный Мәскеудегі Шереметьево әуежайында тергеуге алынды.

kommersant.ru хабар порталы: Ресей коронавирус вакцинация бағдарламасын бастайды. Вакцина ектіретін ресейліктер «Sputnik V» және «EpiVacCorona» атты екі вакцинаның бірін таңдай алады.

РИА Новости: Ресейлік сенатор Алексей Пушков АҚШ-та президенттік міндетке келетін Джо Байден кезеңінде АҚШ-тың Украинаны Ресейге қарсы одан көп қолданатынын және Ресей-АҚШ қарым-қатынастарының нашарлайтынын болжады.

ҚазИнформ халықаралық ақпарат агенттігі: Димаш АҚШ президентін ұлықтау апталығының ашылу салтанатында ән шырқады.

Егемен Қазақстан газеті: Қазақстан Президенті Парламент Мәжілісінің жалпы отырысына қатысты.



Ұқсас жаңалықтар