Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1557629
Әлем баспасөзіне шолу

el-Quds el-Arabi: Сауд Арабиясы мен Катар арасындағы құрлық,  теңіз және әуе шекаралары кеше кеште ашылды.

el-Raye el-Qatariyye (Kатар): Катар әмірі Шейх Темим бин Хамед әл Сани Шығанақ Ынтымақтастық кеңесі саммитінде Катар делегациясына басшылық жасайды.

el-Düstur (Иордания): Америка Құрама Штаттары Қорғаныс министрлігі: «USS Nimitz кемесі Шығанақта қалады»

t-online.de: Германиядағы коронавирус сақтық шаралары шеңберінде карантин қаңтар айының аяғына дейін созылады.

dpa: Туризм үшін жағымсыз нәтиже; Коронавирус эпидемиясы саяхат индустриясын 1990 жылғы деңгейге төмендетті.

nachrichten.at (Aвстрия): Ұлыбритания мен Оңтүстік Африкадағы вирустың жаңа түрі Австрияда да анықталды.

Le Figaro: Премьер-министр Борис Джонсон Ұлыбританияны қайтадан карантинге алды.

Le Monde: Францияда вакцинациядағы баяулық экономикалық жақсаруға да теріс әсер етеді.

France 24: Көршілерінің көбіне керісінше Франция мектептерді қайта ашады.

El País (Испания): Каталония коронавирус эпидемиясы қайта ушыққаннан кейін барлық муниципалитеттерді он күнге жапты.

El Mundo (Испания): Испанияға бір апта бұрын келіп жеткен 360 мың доза вакцинаның барлығы жоспарлау және медбике жеткіліксіздігі себебімен қолданылмады.

El Milenio (Мексика): БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі Мексика Қауіпсіздік кеңесінде қарулардың бақылануы тақырыбында басымдық береді.

İzvestiya газеті: Америка Құрама Штаттары Румынияға MQ-9 Reaper қарулы дрондарын орналастырды.

Kommersant газеті: Ресейде 2020 жылы заңсыздық айыптауымен берілген айыппұл мөлшері 31 миллиард рубль (420 миллион доллар ) болды.

Lenta.ru: Ресейде жүргізілген сауалнама қорытындысына қарағанда,  халықтың 33 пайызы 2021 жыл үшін жұмыссыздық, 27 пайызы ақшасыздық, 11 пайызы жаңа жылдың бұрынғы жылдан да жаман болатынынан қорқады.

ҚазИнформ ақпарат агенттігі: Тәуелсіздік бәрінен қымбат - Қасым-Жомарт Тоқаев.
Егемен Қазақстан газеті: Президент Салық кодексіне өзгеріс енгізетін заңға қол қойды.

 

 



Ұқсас жаңалықтар