Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспрасөзінің басты тақырыптары

1517265
Әлем баспасөзіне шолу

Al Jazeera: Әзірет Мұхаммед туралы жағымсыз карикатуралар... Протесттер артуда және түрік партиялары Франция президенті Эммануэль Макронға қарсы халықаралық бір тұғыр ұстанған.

Al-Quds Al-Arabi: Бангладештің бас қаласы Даккада он мыңдаған адам Францияға қарсы шеруге шықты. Ашудың ауқымы кеңеюде.

Al-Dustour (Иордания): Ядролық Қаруларға тыйым салу келісімін 50 ел бекітті.

Deutsche Welle: БҰҰ Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) жаңа президенті Эрсин Татар мен Оңтүстік Кипр Понти әкімшілігі басшысы Никос Анастасиадистің 3 қараша күні танысу жиналысында бас қосатынын мәлімдеді.

N-TV.de: Германия Экономика министрі аптаның соңына дейін ковид-19 инфекциясы жұқтырғандар санының күніне 20 мыңнан асатынын болжады.

Tagesschau.de: Канцлер Ангела Меркель бүгін аймақ премьер-министрлерімен бас қосты. Меркель коронавируспен күресте жаңа шаралар талап ете ме?

El País (Испания): Реанимация қоғамы төрағасы Ричард Феррер: «Жалғыз бір реанимациялық орын үшін қатты бәсекелестік болмақ».

La Tercera (Чили): 84 мың адаммен жүргізілген бір зерттеуге қарағанда ковид-19 адам миын 10 жыл қартайтып, интеллект деңгейін 8,5 ұпайға төмендетеді.

Ultima Hora (Парагвай): Америка Құрама Штаттарында байқалған «қанатты тарантула» сияқты көрінген бір көбелек түрі елді қорқытты.

France 24: Чемпиондар лигасы: Францияның өкілі Пари Сен-Жермен футбол клубы Стамбул Медипол Башакшехир командасының қонағы болады.

Le Monde: Ковид-19: Франция президенті Эммануэль Макрон ұлттық деңгейде қайтадан бір карантин енгізуді қарастыруда.

France 24: Француз тауарларын бойкот шақырулары экономикада көрініс таба ма?

РИА Новости: Армения премьер-министрі Никол Пашинян Таулы Қарабахта қарсы шабуылға дайындалғандарын мәлімдеді.

gazetem.ru хабар порталы: Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоған және Ресей Федерациясы президенті Владимир Путин телефонда сөйлесті. Екі басшы Сирия мәселесінен бастап, аймақтық мәселелер тақырыбында көзқарас алмасты

TASS: Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров ковид-19 эпидемиясы жұқтырған біреумен байланысы себепті өзін карантинге алды.

Қазинформ халықаралық ақпарат агенттігі: Президентке «Самұрық-Қазынаны» инвестициялық холдингке айналдыру тұжырымдамасы ұсынылды.

Егемен Қазақстан газеті: Сенат депутаттары республикалық бюджетті қарады.



Ұқсас жаңалықтар