Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1476787
Әлем баспасөзіне шолу

Frankfurter Allgemeine Zeitung: Германия канцлері Ангела Меркель Ресейде президент Путинге оппозиция Алексей Навальныйдың Германияда емделуін ұсынды.

Zeit.de: Германияда коронавирус эпидемиясы: 1707 жаңа жұқтыру оқиғасымен сәуір айының ортасынан бергі ең жоғары көрсеткіш тіркелді.

spiegel.de: Канцлер Меркель мен Франция президенті Эммануэль Макрон жаңа шекара жабу істерінен аулақ болғысы келеді.

Newsabah: Ирак Денсаулық және Қауіпсіздік жоғары кеңесі шетелден келетін ешбір туристке рұқсат берілмегенін хабарлады.

Elddustour: 2020 жылы араб экономикасында 4 пайыздық тарылу күтіледі.

Elqudus: Кувейт көшеге шығу тыйымын 30 тамыз күні алып тастайды.

El País (Испания): Коронавирус эпидемиясының бара-бара нашарлай түсуі Испаниядағы автономды қоғамдарды одан да қатаң шара қолдануға итермелейді.

El Mundo (Испания): Коронавирус жұқтырған жастардың саны бастапқыдан бері үш есе артты.

Infobae (Аргентина): Колумбия мемлекет басшысы Иван Дуке Венесуэладағы мемлекет басшысы Николас Мадуро үкіметінің Иран арқылы орта және ұзын қашықтықты зымыранға ие болуға тырысқанын алға тартты.

Le Monde (Франция): Францияда президент Эммануэль Макрон мен Германия канцлері Ангела Меркель Ресейден күтетіндерін тілге тиек етті.

Le Figaro (Франция) : Малиде дағдарыс: Батыс Африка елдері президент Ибрахим Букабар Кейтаның қайтадан міндетке келуін сұрайды.

Le Temps (Швеция): Әлемдік банктен ескерту: Пандемия салдарынан 100 миллион кісі асыра кедейлікке түсуі мүмкін.

Российская газета: Ресейдің 12 аймағы коронавирустан ең көп зиян шеккен «қызыл алаңда. Бұл ел территориясының 14 пайызына дөп келеді.

İzvestiya газеті: Беларусьте президенттік сайлаудан жеңіліп шыққан Светлана Тихановская жұмысшыларды ереуілді жалғастыруға шақырды.

Ria Novosti: БҰҰ Ресейдің тұрғын санының 2020 жылы 2 миллион адамға артқанын білдірді.

ҚазИнформ ақпарат агенттігі: Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды.

Егемен Қазақстан газеті: Жемқорлықты жоюдың бір жолы – адами факторды азайту.

 

 



Ұқсас жаңалықтар