Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1436907
Әлем баспасөзіне шолу

Spiegel.de: Неміс туризм операторлары араларында Түркия да бар елдерге бағытталған саяхат ескертуінің миллиардтаған евролық шығынға жол ашқанын атап, аталмыш ескертулердің жойылуын талап етті.

Süddeutsche Zeitung: Неміс үкіметі коронавирусқа қарсы вакцина жетілдірген дәрі-дәрмек фирмасы CureVac-тың акция ортағы болды.

Deutsche Welle: Израильдің Батыс Шериядағы Палестина топырағын аннексия жоспарына Хамастан наразылық келді.

Al Jazeera: Орталығы Швециядағы Халықаралық Бейбітшілік зерттеулері институты Израильдің 90 ядролық соғыс тұмсығы бар екенін жариялады.

Al Quds Al Arabi: Канадада мемлекеттік қызметкерлерге бағытталған орамал тағу тыйымы протест етілді.

Al-Raya (Катар):Ливия Ұлттық үкіметі билікті төңкеруге әрекет жасаған көтерілісшіл Хафтердің басқыншылығындағы аймақтарда табылған топтық мазарларды тергеу тақырыбында халықаралық жәрдем шақыруы жасады.

Le Monde (Франция): Франциядаденсаулық сақтау қызметкерлері үкіметке қысым жасауда. Сovid-19 дағдарысының батырлары денсаулық сақтау қызметкерлері еңбек ақыларының жақсартылуын талап етуде.

Le Figaro (Франция): Вакцина: Эммануэль Макрон елінің вакцина өндірісіне қолдау мақсатты Лиондағы Sanofi атты дәрі-дәрмек фирмасының өндіріс орындарын араламақ.

Le Temps (Швейцария): Бір зерттеуге қарағанда, Женевада коронавирусты адам санының 11%-ы жұқтырды. Женевалықтарда өте аз вирус байқалды, сондай-ақ 123 баланың бірінде ғана вирус анықталды.

Lenta.ru хабар порталы: Ресейдің 13 қаласында Жеңіс күні іс-шаралары эпидемия себепті кейінге қалдырылды.

Известия газеті: Ресей Денсаулық сақтау министрлігі мен Ұлттық пандемия және микробиологиялық зерттеулер институты алдағы уақытта коронавирус вакцинасын адамдарда сынақтан өткізе бастайды.

RBK хабар порталы: Ресейдің Норильск қаласында өзенге құйылған дизель жанармайын тазалау барысында маңызды сатыдан өтілді.

La Vanguardia (Испания): Генералитат (Каталония Автономдық Әкімшілігінің үкіметі) туризмді ынталандыру үшін 7 миллион евролық инвестиция салуда.

Infobae (Аргентина): Израильдік ғалымдар антипаразиттік бір дәрінің Сovid-19 эпидемиясына қарсы ықпалды екенін алға тартты.

El Mercurio (Чили): Сovid-19 жұқтырғандардың 45 пайызы асимтоматиялық болуы және бұл жағдайдың ауруды бақылауға алуды қиындатуы мүмкін.

ҚазИнформ агенттігі: Қазақстанның халық саны 18 711,2 мың адамға жетті.

Егемен Қазақстан газеті: Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырғандар саны 400-ге жуықтады.



Ұқсас жаңалықтар