Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің маңызды жаңалықтары

1387508
Әлем баспасөзіне шолу

El Clarin (Аргентина): Аргентина мемлекет басшысы  Альберто Фернандес карантин мерзімінің Пасха мерекесі қарсаңында болатын Қасиетті аптаға дейін созылуына шешім берді. 

El Mundo (Испания): Испанияда егіншілік қиын жағдайда: Эпидемия салдарынан өнім жинайтын адам жетіспеуде. 

El Pais (Испания): Испанияда үкімет медицина саласының құлдырамауы үшін экономикада “қыс ұйқысы” моделін ұсынуда. 

Le Figaro: Коронавирус: Францияда эпидемияның жағдайы нашарлай бастады. Науқастардың ауруханаға жеткізілуі жылдамдады. 

Le Monde: Еуропа демократиялары төтенше медициналық дағдарыс сынағынан өтуде. 

Le Parisien: 4 мың 632 француз азамат реанимацияда. 

Alsharq Alawsat: Әлем елдері коронавирустың шыңына жетуін күтуде.  Әлем көлемінде адамдардың жартысы өзін оқшаулады. 

 Al-Raya Al-Katariya (Катар): Қытайда коронавируспен ауырған науқас саны азайды. 

Vatan: Мысыр үкіметі коронавирус себебімен банктерде ақша алу және ақша салу істеріне шектеме келтірді. 

RİA Novosti агенттігі: Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко: “Билік коронавирус паникасын қолданып, ғасырдың алаяқтығына дайындалуда. Жер биржасы заңы келуі мүмкін” деді. 

Tass агенттігі: Мәскеуден кейін Мурманск аймағында да азаматтарға үйде оқшаулану шақыруы тасталды. 

izvestiya газеті: Франция преиденті Эммануэль Макрон Италиядан орыстардың көмегіне байланысты рахаттанып, бақылаудың тізгінін тастамауын сұрады. 

Bild.de: Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп елде кемінде жүз мың адамның қайтыс болатынын уайымдауда. 

Spiegel.de: Мұнай бағасы  2002 жылдан бері ең төмен деңгейінде. 

Stern.de: Нью-Йорк әкімі: АҚШ-та мыңдаған адам коронавирустан қайтыс болу рискі бар. 

ҚазИнформ агенттігі: ҚР Президентінің апталық жұмысына видеошолу жарияланды.

Егемен Қазақстан газеті: Дәрігерлерді қаржылай қолдаудың жаңа пакеті қажет - Президент.



Ұқсас жаңалықтар