Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзі коронавирус хабарларына орын берген.

1384595
Әлем баспасөзіне шолу

Al Raya (Катар): Кувейт, Оман және Суданда жаңа коронавирус оқиғалары тіркелді. Сауд Арабиясында бірінші адам өлімі тіркелді. 

Al Sharq Al Awsat: Covid-19 себебімен әлем көлемінде 2,6 миллиардтан көп адам “үйде отыр” шақыруына бағынуда. 

AL Jazeera: Вирустан кезекпен келмейді: Коронавирустан кейін Қытайда хантавирус ортаға шықты. Бұл вирус тышқаннан жұғады. 

Deutsche Welle: Германияның жедел мұқтаждық үшін сұраныс берілген алты миллион маскасы жоғалып кетті. Маскалар Кенияда жоғалып кеткен. 

 Tagesschau.de: Токио 2020 олимпиада ойындарының коронавирус эпидемиясы себебімен келесі жылға қалатыны хабарланды. 

Handelsblatt.com: Экономисттер коронавирустың неміс экономикасында кемінде жарты триллион евро зиянға, бір миллионнан астам адамның да жұмысынан айрылып қалуына жол ашатынын болжап отыр. 

İzvestiya Gazetesi: Мәскеуде ауру жеңіл болса коронавирустың үйде емделуіне рұқсат берілді. 

Rambler ақпарат парақшасыi: Американың “National Interest” журналы орыстың T-95 танкын НАТО үшін “сұмдық” деп атады. 

TASS агенттігі: Мәскеуде коронавирус жұққан бес адам сауыққаннан кейін ауруханадан шықты. 

El País: Испанияда Сovid-19 вирусынан қайтыс болғандардың саны  2 мың 937, оқиға саны болса 41 мың 900-ден асты. 

El Clarin: Тағы 86 жаңа Covid-19 оқиғасы тіркелді.  Бұл вирус Аргентинаға жеткеннен кейін бір күнде анықталған ең жоғары көрсеткіш.  Барлық оқиға саны -387

El Tiempo:  Бразилия президенті Сovid-19-дың қарапайым грипп екенін айтты және үйде отыру шарасын сынады. 

France 24: Қытай Хубэй штатындағы шектеулерді алып тастады. 

Le Figaro: Испания бақылауға алынбайтын жағдайда 

Le Monde: Үй карантині басталғаннан бері Париж аймағында ауа ластығы азайды. 

ҚазИнформ агенттігі: Қазақстанда тағы 7 адам коронавирус жұқтырды: Індетке шалдыққандар саны 79 болды.

Егемен Қазақстан газеті: Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен телефон арқылы сөйлесті.



Ұқсас жаңалықтар