Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзі коронавирусқа кең орын берген.

1383855
Әлем баспасөзіне шолу

El País (Испания): Эпидемия Испанияда Италиядағыдан жылдам тарауда. 

El Mundo (Испания): Куба шекарасын келушілерге жапты: шетелден келген азаматтарын карантинге алуда. 

Clarin (Аргентина): Аргентинадағы карантин тәртібіне бағынбаған екі француз және бір Нидерланды азаматы қамауға алынды. 

Le Figaro: Коронавирус: Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы эпидемияның жылдамдағанын білдірді. 

Le Monde: Коронавирус: Францияда үйде карантиннің екінш аптасын бастады,  шаралар арттырылды. 

Le Temps: Ұлыбританияда кемінде үш апта болатын үйде карантин басталды. 

Der Spiegel: Канцлер Меркельдің корона тесті негатив шықты. 

Deutsche Welle: Германия Сауд Арабиясына қару экспортын тоқтату шешімін тоғыз айға созды. 

Die Welt:  Коронавирус неміс экономикасына жүздеген миллиард евро шығын келтіреді. 

‘İzvestiya’ газеті: Ресейдің Америка Құрама Штаттарындағы өкілетті елшісі Адам құқықтары ұйымын Ресейдегі Сovid-19 эпидемиясымен күрес тақырыбында жалған айтпауға шақырды. 

‘Regnum’ ақпарат агенттігі: Ресей банктерде тұрғын үй несие проценттері мен жинақ несиелерін арттыра бастады. 

Gazeta.ru: Орыстардың он төртінші әскери ұшағы Италияға барып жетті. 

Al Sharq Al Awsat: Сирия әкімшілігі коронавирустың алғашқы оқиғасы тіркелгеннен кейін сақтық шараларын арттырды. 

Al Quds Al Arabi: Суды тоқтатып тастау Сирияның солтүстік шығысындағы коронавирустың таралу рискін арттырады. 

Al Jazeera: Президент Режеп Тайып Ердоған Катар әмірі Шейх Темим бин Хамед әс Санимен телефонда сөйлесті. 

ҚазИнформ агенттігі: Қазақстан Президенті Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді.

Егемен Қазақстан газеті: Тауарлардың бағасы қатаң бақыланады.



Ұқсас жаңалықтар