Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары.

1379630
Әлем баспасөзіне шолу

Al Jazeera:Коронавирус Пентагонға ұласты. АҚШ Қорғаныс министрі мен орынбасары карантинге алынды.

Al Quds Al Arabi: Коронавирус эпидемиясына қарсы адамдарға алғаш вакцина егу сынақтары басталды.

Alsharq Alawsat (Сауд-ағышын): Иорданияның екі ханзадасы карантинге алынды және елде жұқтырған адам саны 29-ға өсті.

Le Monde: «Соғыстамыз»: Коронавирус алдында Эммануэль Макрон «Жалпы жұмылдыру» жариялады.

Le Parisien: Коронавирус: Франция түстен кейін жаппай карантин және эпидемияға қарсы «соғыс» жариялады. Елде вирус жұқтырған адам саны 6633, қайтыс болғандар адам саны 148-ге жетті.

Le Figaro: Коронавирус: (Францияда) карантин үшін 100.000 полиция мен жандармерия тағайындалды.

El País (Испания): Макрон коронавирус себепті Франциядағы муниципалитет сайлауының екінші турының кейінге қалдырылғанын жариялады.

Infobae (Аргентина):Аргентина9 жаңа вирус жұқтырған адамды растады, елде вирус жұқтырған адам саны 65-ке жетті.

Prensa Latina (Куба): АҚШ-тық зерттеушілер Covid-19 вакциянасын адамдарда сынақтан өткізе бастады.

TASS хабар агенттігі:Ресей 18наурыз -1 мамыр арасында шетелдіктердің елге кіруіне тыйым салды.

Коммерсант газеті:Ресей үкіметі бүгін коронавирус эпидемиясына қарсы экономикалық шара жоспарын жариялайды.

Российская газета: Ресей 2021 жылы 1 қазан күні Айға ғарыш кемесн ұшырады.

Deutsche Welle: Коронавирус себепті Еуроодақ шекараларын жабады.

Der Spiegel: Люфтганза он рейстің тоғызын кейінге қалдырды.

Euronews: Италия Сovid-19-дан көз жұмған адам саны екі мыңнан асты.

Қазинформ халықаралық апарат агенттігі: Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған тағы 14 адам анықталды.

Егемен Қазақстан газеті: - Президент кәсіпкерлерді жеңілдікпен несиелендіру жөнінде тапсырма берді.



Ұқсас жаңалықтар