Әлем баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1304725
Әлем баспасөзіне шолу

El País (Испания):Испания Супер кубогы3 жыл бойынша Сауд Арабиясында ойналады.

El Tiempo (Колумбия):Боливия мемлекет басшылығы міндетіне отставкаға кеткен Эво МоралесМексиканың саяси баспана ұсынысын қабылдады.

El Clarín (Аргентина):Америка Құрама Штаттары президенті (АҚШ) Дональд ТрампБоливия мемлекет басшысы Эво Моралестің отставкасын құттықтап, «демократияға бір қадам жақындадық» деді.

Al sharq Al Awsat:Ақ Үй әкімшілігі Ақ дулыға тобықұрушысының мәйіті Стамбулда табылды.

Al sharq Al Awsat: Трамп: Вашингтон Бағдадидің ізбасарын іздестіруде.

Alraya (Катар): Иракта қаза тапқандар және жаралы саны артып жатқанда, Вашингтон ерте сайлауға шақыру жасады.

Aljaeera.net: Израиль Газа секторы мен Дамаскта Ислами Жиһад басшыларын нысанаға алуда.

Spiegel.de: Мексика Әуе күштеріне тиесілі бір ұшақ Боливия Мемлекет басшысы Эва Моралесті алып, Мексикаға апарды. Дегенмен төңкерілген басшы еліне қайта оралуға ант ішті.

ard.de: АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ баспасөзіне қарағанда Еуроодақтан импортталатын автокөліктерге қосымша салық салу шешімін кейінге қалдырды.

Deutsche Welle: Германияда кибер қылмыстар 2018 жылы артты. Елде цифрландырумен бірге кибер қылмыстар саны артты. Неміс полициясы лауазымдылары кибер қылмыстардың аптасына 1 миллион евродан көп зиян келтіргенін жариялады.

Le Figaro:Дайындалған бір сауалнамаға қарағанда француздар 2020 жылы өтетін президенттік сайлауда қазіргі президент Эммануэль Макрон мен радикал оңшыл саясат қайраткері Ле Пен арасында жарыс өтпек, бірақ мұны қаламайды.

Le Parisien : 11 қараша күнгі жер сілкінісі Францияда соңғы 16 жылдың ең үлкен жер сілкінісі.

Le Soir: Бельгия Темір жолдары автономды (жүргізушісіз) пойыздарды сынақтан өткізеді.

TASS агенттігі: Қазақстанның тұңғыш президенті елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей президенті Владимир Путин мен Украина президенті Владимир Зеленскийге кездесуді ұсынды.

РИА Новости агенттігі: Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоған 12-13 қараша күні АҚШ сапары кезінде әріптесі Доналд Трамппен орыс және АҚШ өнімі әуе қорғаныс жүйелері «S-400» және Патриотты сатып алуды талқылайды.

 Известия газеті: Швейцария баспасөзіне қарағанда Франция президенті Макрон НАТО-ның «миының өлгенін» атап, Ресейге «сыйлық» бергендей болды.

Егемен Қазақстан: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық мүдделер орталығының президенті, «The National Interest» журналының баспагері Дмитрий Саймспен кездесті.

Қазинформ ақпарат агенттігі: Елбасы Еуразиядағы геосаяси жағдайға әсерін тигізетін қауіп-қатерді атады.



Ұқсас жаңалықтар